Name: Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке
 Author: Charles W. L. Hill, Dr. Thomas M. Hult
 ISBN-10: 1260390071
 ISBN-13: 978-1260390070
 Language: English
 Publisher: McGraw-Hill Education
 Year: 2018
 Number of pages: 704
 First published: 1992

Overview:

«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл –  «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.

About the author:

Чарльз У.Л. Хилл – Вашингтон универ­ситеті Фостер Бизнес мектебінің профес­соры.

Доктор Томас Халт –  маркетинг және халықаралық бизнес профессоры.