Name: Әдебиет теориясы : антология 3-т.
 Author: Julie Rivkin, Michael Ryan
 ISBN-10: 1118707850
 ISBN-13: 978-1118707852
 Language: English
 Publisher: Wiley-Blackwell
 Year: 2017
 Number of pages: 1640
 First published: 1997

Overview:

«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларға бөлінген. Атап айтқанда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.

Уилиям Шекспир, Елизабет Бишоп, Макс Жакоб, Джон Галт, Элис Манро сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары жаңаша пайымдалады. Зерттеу еңбегіне арқау болған тың теориялық ұғымдар аталмыш оқулықтың құндылығын арттыратыны сөзсіз.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

About the author:

Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе ( Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы.