Ақиқаттан аттауға болмайды (Естелік-эссе)

Product Enquiry

Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шыққан “Өтті дәурен осылай” деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырман талап-тілегіне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын “Ақиқаттан аттауға болмайды” деп өзгертіп еді. Мұнда өз өмірінің беймәлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көпшілікке жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық жақты әңгімелеп береді. Оның игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасын, Семей полигонын, Арал мәселесін, Желтоқсан зардаптарын, сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейкесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі Кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды.

Author

Ownership

Physical medium

Publication place

Publisher

Publication year

ISBN

Number of pages

Language code