Дипломатия: Коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері

Product Enquiry

Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.

Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.

“Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді?” деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.

Author

ISBN

Language code

Number of pages

Physical medium

Publication place

Publication year

Publisher

Type of literature