Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама құжаттары

Product Enquiry

«Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама, құжаттары» – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіөдігін алғаннан бергі кезеңдегі рухани-мәдени үдеріс құжаттары мен жылнамасының жинағы.

Жинақта Елбасы Н.Ә. Казарбаевтың тәуелсіз Қазақстан мәдениеті туралы, мәдени құрылысқа қатысты заңнамалар мен ережелер, Президент пен Үкіметтің мәдениет туралы шешімдері берілген. Сонымен қоса еліміздегі білім мен ғылым, мәдениет пен өнер ошақтары және де тіл мен дін, бұқаралық ақпарат құралдары жайлы деректер келтірілген.

Жинақ тарих, мәдениет, журналистика және  басқа да салалардың мамандары мен зерттеушілеріне, магистранттар мен студенттерге, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Бұл еңбек Мемлекет тарихы институты ғалымдарының 2009-2011 жылдарға арналған “Қазақстандағы өркениетті өзгерістер: рухани азаттық, құндылықтар мен идеалдар” іргелі ғылыми-зерттеу жобасы аясында орындалды.