Шыңғыс-наме. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері

Product Enquiry

Кітап Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Достынның XVI ғасырда жазған түркі тілдес тарихи “Шыңғыс-наме” шығармасының қазақ тіліндегі алғашқы басылымы болып табылады. Дешті Қыпшақ көшпенділерінің XIV ғасырдағы саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы баяндайтын басылым Қазақстанның, Орталық Азияның, Еділ бойы мен Сібірдің ортағасырлық тарихының деректану саласына қомақты үлес болып қосылады. Кітапта қолжазбаның факсимилесіне қоса транскрипциясы, қазақ тіліне аудармасы, мәтіннамалық ескертулер, тарихи-деректанулық зерттеулер, түсіндірмелер мен көрсеткіштер берілген.