Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар

Product Enquiry

Еңбек “Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар” тақырыбындағы іргелі ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде ұсынылып отыр. Онда қазақ тілі синтаксистік құрылысының кұрылымдық-мағыналық және коммуникативтік парадигмалары қамтылады. Синтаксистік бірліктер деңгейлік жіктеу сатысымен ұсынылғанмен, басқа да аспектілері баяндалады. Синтаксистік бірліктердің бұрын белгілі болған сипаттарынан тысқары жаңа қырлары мазмұндалады. Монография бірыңғай ғылым аясында қалып қоймай, білім беру саласында да колданылуы үшін оқулыққа тән мазмұндық бөліктер (семинар, өздік жұмыс тақырыптары, тапсырмалар) енгізілді.