Батыс философиясының жаңа тарихы

Product Enquiry

Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихы баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кэннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихы баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл- Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта ушін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы. Сэр Энтони Кэнни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас Декарт және Витгенштейн өмірбаяндары бойынша ғылыми-көпшілік еңбектер жазған танымал ғалым.

Author

Continuation of the title

Physical medium

Part number

Publication place

Publisher

Publication year

ISBN

Number of pages

Type of literature

Language code