“100 жаңа оқулықтар” жобасының жүзеге асуы және оның Қазақстандық бірегейлік пен ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына ықпалы

Product Enquiry
Category:

Жинаққа ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты мен республиканың жоғары оқу орындарының сарапшы мамандарының күшімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің материалдары енгізілген.

Қазақ тіліне 2017 жылы аударылған 18 әлемдік деңгейдегі гуманитарлық саладағы оқулықтарға сарапшылар тарапынан ғылыми талдаулар жасалынып, тиісті ой-тұжырымдар келтірілген. Мамандар өзекті және маңызды мәселені қазақстандық бірегейліктің қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан бағамдаған.

Жинақтың соңындағы сарапшылар кездесуінің ғылыми-практикалық ұсыныстары гуманитарлық саланың кәсіби мамандарына арналған.