Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті академик Кенжегали Сағадиевпен кездесуде. Астана қаласы. 22 қаңтар 2016

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжегали Сағадиевпен кездесу барысында отандық ғылымды дамытудың негізгі аспектілерін, сондай-ақ елдің экономикалық саясатының басты бағыттарын талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

– Бүгінде бірде-бір сарапшы қалыптасқан жағдайдың одан әрі қалай өрбитінін және одан шығу жолдарын нақты болжай алмай отыр. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы жағдайға қатысты жекелеген пікірлер бар, алайда тұтас әрі кешенді көзқарасты ешкім ұсына алмайды. Сонымен қатар бірқатар елдер арасындағы туындаған санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оң әсерін тигізіп отырған жоқ. Ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселе – терроризм қаупі, оған тек бірлескен іс-қимыл арқылы ғана қарсы тұруға болады. Осы сын-қатерлердің барлығына қатысты біздің ғылыми-сараптамалық ортада негізделген пікір болуы тиіс, – деді Н. Назарбаев кездесуде.

Подписывайтесь на обновления