Social Psychology
Name: Антика философиясы
Author: Anthony John Patrick Kenny
ISBN-10: 0198752725
ISBN-13: 978-0198752721
Language: English
Publisher: Oxford University Press
Year: 2014
Number of pages: 364
First published: 2007

Overview:

Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.

About the author:

«Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.