Overview:
Бұл кітап – Мэнкьюдің классикалық еңбегінің бейімделген нұсқасы. Оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады. Нақтылықпен жазылған мәтін саясат пен экономика теориясын еркін түсіндіреді.
4-басылым толықтай жаңартылды. Кейбір идеяларды, мысалы, Марксизм мен Феминизм теорияларын кеңінен түсіндіру үшін жаңа тақырыптар қосылды. Қаржы нарығы туралы жаңа бөлім қаржы дағдарысы мен оның себептері тақырыбын қамтиды. Ал соңғы бөлім дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты сауалдарға жауап береді.
About the author:
Гарвард университетінің профессоры, танымал макроэкономист Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған.