Name: Ұйымдық мінез-құлық негіздері
 Author: Stephen P. Robbins, Timothy A. Judge
 ISBN-10: 0134523857
 ISBN-13: 978-0134523859
 Language: English. Russian
 Publisher: Pearson
 Year: 2017
 Number of pages: 400
 First published: 1984

Overview:

Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті. Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал еңбегінің қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.

Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

About the author:

Оқулықты Сан Диегодағы Калифорния университетінің менеджмент профессоры Стивен Роббинс пен Огайо штаты университетінің профессоры Тимоти Джадж құрастырған.