Name: Әдебиет теориясы : антология 1-т.
 Author: Julie Rivkin, Michael Ryan
 ISBN-10: 1118707850
 ISBN-13: 978-1118707852
 Language: English
 Publisher: Wiley-Blackwell
 Year: 2017
 Number of pages: 1640
 First published: 1997

Overview:

Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.

Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне,  магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

About the author:

Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе ( Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы.