Name: Тіл тарихы : кіріспе
 Author: Tore Janson
 ISBN-10: 0199604290
 ISBN-13: 978-0199604296
 Language: English
 Publisher: Oxford University Press
 Year: 2011
 Number of pages: 304
 First published: 2011

Overview:

Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл   еңбекте  тілдің  тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған.

Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихы мен сыр-ипатына да қанық болады.

Бұл еңбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқулық ретінде арнайы жазылған.

About the author:

Торе Янсон 2000 жылы зейнетке шыққанына дейін Гетеборг университетінде шығыс және африка тілдерінің профессоры болды. Оған дейін дәл осы университетте латын тілі профессоры және латын тілі тарихының әлемдік сарапшысы ретінде қызмет атқарды. Халықаралық бестселлер авторы.