Name: Қазіргі заман философиясының бастауы
 Author: Anthony John Patrick Kenny
 ISBN-10: 0198752725
 ISBN-13: 978-0198752721
 Language: English
 Publisher: Oxford University Press
 Year: 2014
 Number of pages: 352
 First published: 2007

Overview:

Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды.  Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.

About the author:

«Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице-канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.