Еңбек жолы

К.Ә Сағадиевтің педагог, зерттеуші, ірі ғалым , басқарушы және ұйымдастырушы ретінде қалыптасуына Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) қызметістеуі ерекше рөл атқарды. Ол осы жоғары оқу орнын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болды, оның қалыптасуы мен өркендей түсуіне ғылыми-педагогикалық қызметінің жиырма жылын арнады.

1966 жылы Кенжеғали Әбенұлы осы инстетуттың (АХШИ) жоспарлау-экономикалық факультетінің деканның орынбасары қызметіне тағайындалып, бұл қызметті абыроймен атқарды. Студенттер қауымына ағалық қамқорлықпен қарап , олардың шын мәніндегі жанашыр жетекшісі болды.

Жоғары оқу орынының келешегін жіті көре білген, ұйымдастырушылық қабілеті күннен-күнге өсе түскен, кәсіби білімі терең жас ғалым көптің кқзіне ерте ілікті, осының бәрі оны небәрі үш жылдан соң институт партия комитетінің хатшысы (1969-1973 жж.), кейін оның оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтеріне ұстануға мүмкіндік берді.

Аталған қызметтерде К.Ә Сағадиев барлық күш-жігерімен аянбай еңбек етті. Жоғары оқу орны басшыларының бірі ретінде институтты әрі қарай өркендету жолдарын ұдайы іздестірді. Оқу ғимараттарын , жатақхана , тұрғын үйлер салуды қолға алды, экономиканың келеліғылыми- практикалық бағыттарына сайжаңа мамандықтар ашуға басшылық жасаушылардың бірі болды.

Қазір Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Қазақстанның ірі әрі беделді оқу орындарының біріне айналды. Оның заман талабына сай материалдық-техникалық базасы бар. Оны осы жоғары деңгейге көтеруге АХШИ-дің бірінші ректоры , профессор А.И Белов пен К.Ә Сағадиевтің өлшеусіз еңбек етіп , тер төккені көпшілікке мәлім.

К.Ә Сағадиевтің АХШИ-де жетекшілік қызметтерде бойына сіңірген тәжірбиесі мен ұйымдастырушылық таланты оның Целиноград ауылшаруашылығы институтының (қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті) ректоры қызметіне тағайындалуына (1982 ж.) негіз болады, ол осы қызметті сегіз жыл мінсіз атқарып (1990 жылға дейін), институт ұжымының есінде өшпес із қалдырды.

Республика орталығында орналасқан Целиноград ауылшаруашылық институты тың өлкесіне кадрлар даярлау шеберханасы болатын. Ол кезде тың көтерілген үлкен аймақта егіншілік кең өріс алып, жаңа техника мен технологиялар, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті әдістері игеріліп жатқан. Осындай ауқымды тың стратегиясын жүзеге асыруға байланысты ауылшаруашылық институтының ұжымы үлкен өзгерістерге түсуі қажет болды. Ол жаңа және тиянақты білімге сүйенген жастарды тәрбиелеуге қабілетті жоғары кәсіби ұжымға айналуға тиіс еді. Сондай-ақ жедел түрде институттың айтарлықтай әлсіз материалдық-техникалық базасын күшейту , оқу жүйесінің неғұрлым тиімді әдістерін енгізу , оқытушылар қатарын болашағы зор ғалымдармен және мамандармен толықтыру , олардың күш-жігерін , назарын ауыл шаруашылығы өндірісінің келелі мәселелерін зерттеуге бағыттау да қажет болады.

Жаңа тағайыналған ректор осы күрделі мәселелерді шешу барысында өзін білгір басшы, ғалым, педагог және қамқор ұжым жетекшісі дәрежесінде көрсете алды. Ол институттағы жағдайды тез зерттеп , оның оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыратын тиімді әдістерін таба алды, жастарды қолдап , оларға сенім артты, ұжымның ғылыми мекемелермен және өндіріс орындармен байланысын тереңдете түсті.

Институтта енгізілген оқытудың модульдік жүйесі оны алдыңғы қатарлы шетелдік үлгілерге жақындатты. Жүздеген, тіпті мыңдаған студенттер тікелей егістіктер мен фермаларда жаңа технологиялар мен техника игерді.

К.Ә Сағадиевтің бастамасымен Кеңкс Одағындағы алты биотехникалық орталықтардың бірі осы Целиноград ауылшаруашылық институтында құрылды.

Ол бұл орталықтың жұмысына тікелей басшылық етті, кадрларды іріктеді, олардың еліміздің және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарында оқып, білімдерін көтеруін қамтамасыз етті, зерттеу тақырыптарын белгіледі.

Өкінішке орай реформа мен экономикалық тоқырау жылдарында бұл орталық өзінің ғылыми-техникалық әлеуетінің едәуір бөлігін жоғалтып , ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыруды тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, осы қадамның уақытынан 30 жылға озық жасалған бастама болғанын соңғы 2-3 жылда ғана елімізге биотехнологияның әлемдік ғылымының жаңа бағыты ретінде қолға алына бастағанынан көріп отырмыз.

К.Ә Сағадиев Целиноград ауылшаруашылық институтында ректорлық қызмет атқарған уақыт ішінде оқу орнының материалдық-техникалық базасы екі есеге артты. Ол осы институтта көлемі жағынан өзі келгенге дейінгі жиырма бес жылда атқарылған жұмысқа тең бағдарламаларды іске асырады. Бірнеше әсем оқу ғимараттары мен жатақханалар, мал-дәрігерлік клиника мен тұрғын үйлер салынды. Институттың әлеуметтік жағдайы едәуір өзгерістерге түсіп, жақсарып , жаңарды. Нәтижесінде , ректордың беделі өсіп , абыройы асты. Ол сол кездері жабық дауыс беру мен баламалы түрде өткізілген сайлаулардың барлығында бір ауыздан ұжымның сеніміне ие болып отырды.

Целиноград ауылшаруашылық институт Кеңес Одағының аграрлық жоғары оқу орындарының арасынан көрнекті орын алды. 1988 жылы ол КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің, КОБОК-тің және БЛКЖО ОК-ның ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.

К.Ә Сағадиев қажырлы ісі мен жемісті еңбегі, биік парасаты мен эрудициясы, белсенді қоғамдық қызметінің арқасында бүкіл Ақмола өңірінің көрнекті де айтулы азаматына айналды. Облыс еңбеккерлері әрқашан оны жергілікті партия-кеңес басқару органдарына мүшелікке сайлап, қолдау көрсетті.

К.Ә Сағадиевтің зерттеушілік қабілеті Мәскеу ғылыми орталықтарда сыналып , шынықты. Оның алғашқы ғылыми жұмыстары материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырудың келелі мәселелеріне байланысты болды. Ол осы бағытта өнімді ізденістер жасап, өндіріс құралдарының айналу заңдылықтарын ашатын , өндірістік инфоқұрылым салаларының экономиканың даму қарқыны мен өзара байланысына әсерін анықтайтын іргелі еңбектер жазып шығарды. Мысалы, «Материалдық-техникалық жабдықтауды экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері» монографиясында (Алматы, «Қазақстан», 1976ж.-10,1 б.т.) ол КСРО-да бірінші болып осы саланың тиімділігін анықтайтын өлшемдерді таңдау әдісін негіздеп, пайдалануға ұсынды. Оның осы еңбегінде жазып көрсеткен теориялық ұстанымдары, әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары КСРО Министрлер Кеңесі Материалдық -техникалық жабдықтау комитетінің , көптеген ғалымдар мен мамандардың мақұлдауы мен қолдауына ие болды.

Ал «Қазақстанда материалдық-техникалық жабдықтауды басқару» (Алматы, «Қайнар», 1975 ж.-6,0 б.т.), «Материалдық-техникалық жабдықтау және өндіріс тиімділігі» (Алматы, «Қазақстан», 1978 ж. — 11,4 б.т.) «ҚазаҚстанныҢ материалдык-техникалық жабдықтау және сату қоры» (Алматы, «Қазақстан», 1982 ж. -12,5 б.т.) және осы секілді өзі жеке немесе басқа ғалымдармен бірігіп жазған монографияларында К.Ә. Сагадиев республикада материалдық- техникалық жабдықтауды аумақтық ұйымдастыруды және өндіріс құралдарын көтерме сауда арқылы таратуды жетілдірудің ғылыми негізін қалап, практикалық ұсыныстар жасады. Оның осы кітаптарға кіргізген талдаулары, қорытындылары мен ұсыныстары халық шаруашылығының әртүрлі салаларында басқару, жоспарлау жене шаруашылық жүргізу механизмдерін жетілдіру мақсатында кеңінен пайдаланылды. К.Ә. Сагадиев осы ізденістерінің негізінде «Материалдық- техникалық жабдыктауды экономикалық тимділігін арттыру мәселелері (теориясы, әдіснамасы және жақсарту жолдары» тақырыбына докторлық диссертация жазып, оны 1977 жылы табысты қорғап шықты. Ол отыз тоғыз жасында экономика ғылымдарының докторы, ал қырық жасында профессор атанды, бұл сол жылдары бүкіл Одақ көлемінде экономист-ғалымдардың арасында сирек кездесетін өзгеше оқига саналды.

К.Ә. Сагадиевтің ipi экономист-ғалым ретіндегі ғылыми шығармашылығы алғашында материалдық техникалық жабдықтау мәселелерін зерттеуден көрініп, ол онын, талдамалары арқасында экономика ғылымының жаңа бағытына айналды. Кенжегали Әбенұлы осы бағыттың көшбасшысы болды. Ол бірнеше рет Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск, Тбилиси жене басқа қалаларда баяндама жасап, әрдайым көптеген ғалымдар мен мамандардың назарын өзіне аудартты.

Кенжегали Әбенулы осы мамандық бойынша жоғары білімді кадрлар тәрбиелеудің, аспирантура мен кафедра ашудың басы-қасында болды, бұрын Қазақстан жағдайында ғана емес, Одақта да дами қоймаған материалдық-техникалық жабдықтаудың теориясы мен әдіснамасын жасады, өзінің ғылыми мектебін ашты.

Кейінірек, К.Ә. Сагадиевтің ғылыми зерттеу аясы жаңа бағыттағы ізденістермен толықты. Оған айтарлықтай дәрежеде Кенжеғали Әбенұлының білімі мен тәжірибесі, атқарған қызметі, бойынша біткен дарыны мен болжағыштық қасиеті жәрдемдесті. Мысалы, ол экономикалық ойдын, даму үрдістерін тани білді, баскару мен реттеудін ендіріс пен тұтыну жүйесінің арақатынасын сәйкестендіріп отырудағы маңызын жете түсінді. Оның сыртында өзі көп жыл зерттеген саланың осы жүйенің дұрыс жұмыс істеуіндегі рөліне көз жеткізіп, қазіргі кезде елімізде әлеуметтік бағытта дамып келе жатқан нарықтық экономикаға жеткізетін көпір екенін анық сезді.

Осыған байланысты К.Ә. Сағадиевтің көп зерттеулері жалпы экономикалық сипат алып («Қоғамдық өндірістің тиімділігін өлшеудің кейбір теориялық және әдіснамалық мәселелері» және баскалар), бірқатар жаңа салаларды қамтыды. Мысалы, ол агроөнеркәсіп кешенінің, шаруашылық механизмдерін жетілдіруге байланысты проблемаларды қарастырған ерекше жұмыс жазды. «Агроөнеркәсіп туралы жүз сұраққа жүз жауап» (Алматы, Қайнар, 1988 ж. -18 б.т.), осы кезенде жарық көрген басқа ғалымдармен бірігіп жазған бірқатар еңбектерінде аграрлық салада жаңа экономикалық әдістерге көшудің өзекті мәселелері, басқаруды жетілдіре түсудің ,Қазақстанда агроөнеркәсіптің интеграциясың тереңдете түсудің мән-жайын жан-жақты зерттеді.

К.Ә.Сағадиевтің қызметінде ғылыми-ұйымдастыру жұмысы да ерекше орын алады. Целиноградта жүрген кезінде ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ғылым жене техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитетінің мүшесі, агроөнеркәсіп кешенің ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етудің Целиноградтағы орталығының терағасының орынбасары болды, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қаулысымен бекітілген Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институты жанындағы республика бойынша шаруашылық есепке көшудің негізгі қағидаларын жасау үшін ұйымдастырылған уақытша жұмыс тобының кұрамына кірді, «Қазақстан ауылшаруашылық ғылымдарының хабаршысы» журналы редакциялық кеңесінің мүше болды, Солтүстік Қазақстан өніріндегі жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің төрағасы және Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімшесінің ғылыми секциясының жетекшісі қызметтерін аткарды.

К.Ә.Сағадиевтің ауқымды қызметін республиканың ғылыми қауымдастығы лайықты бағалады. Ол 1989 жылы ҚазКСР ҒA-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды, ал 1990 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Президиумының Бас ғылыми хатшысы қызметіне шақырылды.

Екі жыл бойы К.Ә Сағадиев академиялық ғылымды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеп, іске асыруға ұмтылды. Ол Ғылым академиясының басқа жетекшілерімен бірлесе отырып, тұжырымдамасын жасауға белсене қатынасты. Оның жетекшілігімен Қазақстан ғылымы мен ғылыми-техникалық саясатың дамытудың ҒA Президиумы жанында құрылған жұмыс тобы «Қазақ КСР ғылымы мен ғылыми-техникалық саясаты» атты ҚР Заңының жобасын жасап шықты, ҚР ҒA Президиумының Шымкентте, Өскеменде және Ақтауда өткізілетін көшпелі отырыстарын дайындады. Сонымен қатар ол ҚР ҒA-ның Оңтүстік, Батыс жане Шығыс бөлімшелерін, ҒA-ның басқа да ғылыми орталықтарын ұйымдастырушылардың бірі болды.

1992-1994 жылдары К.Ә.Сағадиев Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін басқарды. Бұл кезең республика өмірінде болып жатқан түбегейлі өзгерістермен сипатталатын. Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуға бетбұрыс жасалып, жаңа экономикалық жүйеге көшу — экономикалық кадрларды бұрынғыша даярлаудан бас тартып, оған түпкілікті өзгерістер еңгізу күн тәртібіне қатал талап ретінде қойылды.

1992 жылы желтоқсан айында осы университетке Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев келіп, кездесу өткізді.Қала жогары оку орындарыны екілдері мен зиялы кауымы жиналған бұл мәжіліс ҚазМЭУ тарихындағы үлкен оқиға және оның, нарық экономикасына көшумен Қазақстанның даму стратегиясындағы рөлін арттырудағы маңызды фактор болды.

К.Ә.Сағадиев өзіне жүктелген қызметке оның күрделілігіне қарамай, қызу кірісті. Ұжым мүшелеріне университетті басқарудың жаңа үлгісін ұсынып, қолдау тапты. Республика Президентінің Жарлығымен 1993 жылы 23 ақпанда ҚазМЭУ Қазақ мемлекетттік Басқару академиясына (КазМБА) айналып, барлық ұстаздар мен қызметкерлердің жалақысы екі есеге көбейтілді. Оқу жүйесі де басқаша ұйымдастырыла бастады. Бұрынғы факультеттер жаңа оқу ғылыми кешені болып өзгертілді, менеджмент, маркетинг, макроэкономика, микроэкономика, кәсіпкерлік пен бизнес негіздері, агробизнес және тағы басқа кафедралар ашылды.

Мамандықтар тізімдемесі өзгертілді, жаңа оқу жоспары жасалды, оқытушы-профессорлар құрамын қайта даярлаудың және жаңалықтарға үйретудің тимді жолдары қарастырылды. Ғылыми жұмыстар Қаржы-банк менеджменті институтың, экономикалық зерттеулер мен экономикалық социология орталығын және Нарық институтын ашу арқылы едәуір күшейтілді.

Осы өзгерістерді жасау мақсатында К.Ә.Сағадиев АҚШ-тың, Жапонияның, басқа да Еуропа елдерінің, ТМД жоғары оқу орындарының білім беру жүйелерің түбегейлі зерттеп, қажеттілерін ретімен пайдалана білді, нарыктық экономикасы дамыған мемлекеттерден шетелдік мамандарды шақырып, оларды жас оқытушыларды жаңаша даярлауға жұмылдырды, қажет оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттер жазылуына жағдай жасады. Қыска уақыт аралығында (3,5 жыл) ҚазБМА шетелдік байланыс пен көмектін аркасында экономикалық білім беру жүйесін тупкілікті өзгертуге бағытталған бағасы 6,5 млн. АҚШ доллары тұратын үш үлкен жобаны іске асыра бастады.

Осы бағыттағы К.Ә.Сағадиевтің орасан іс-әрекеті үлкен нәтиже берді -КазМБА-ның, кызметі жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, ол Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының біріне айналды, оның кадрлар даярлау жүйесі мен әдістемелері республиканың экономика мамандығы бар барлық жоғары оқу орындарына тарады.

Академия беделіне сәйкес ректордың да абыройы асқақтады. Оның реформаторлық қабілеті мен табысты ғылыми ізденістерін көпшілік мойындады.

К.Ә. Сагадиев осы кезде республикалық баспасөзде экономикалық кадрлар даярлау жағдайы, республика ғылымың ұйымдастыру, нарыққа көшу барысың жақсарта түсу жолдары жөнінде жиі мақалалар жариялап түрды («Ғылым жайы толғандырады», «Зерде», Nº11, 1992 жыл; «Нарықтық кадрлар көп нарсені шешеді», «Казахстанская правда» 1992, 12 желтоқсан; «Нарық халыққа бет бұрсын», «Егемен Қазақстан», 1993, 16 маусым; «Реформа баспалдақтары бойынша — «Қазақстан ғажабына», «Советы Казахстана» 1993, 5 ақпан; «Қазақстан мақсатты деңгейге жетуді созып жіберді» «Экспресс», 1993, 3 ақпан; «Қазақстан экономикасының нарықтық өзгерістерін жасау стратегиясы туралы», «Сұхбат», 1993, Nº2 және басқалары).

Ол осы жылдарда реформа проблемалары туралы бірнеше рет республика басшылығына да хат жолдады. Мысалы, К.Ә.Сағадиев ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына 1992 ж. 2 маусымында Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік кұру, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Премьер-Министрі С.А. Терещенконың, атына 1993 ж. 10 қарашасында ұлттық валюта енгізудің кезек күттірмес шаралары, 1993 ж. 17 қарашасында ұлттык валютаны тұрактандыру, 1993 ж. 6 желтоқсанында Қазақстандағы экономикалық реформалардың түбегейлі стратегиялық және тактикалық мәселелері жөнінде ұсыныстар жіберді. Осының алдында (1993 ж. 19 қантарда) ол ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы С.А. Әбділдин мен Экономикалық реформалар комитетінің төрағасы С.Т. Такежановқа да Қазақстанның қаржы-қаражат саясаты туралы хат жолдаған болатын.

К.Ә. Сағадиев жоғары оқу орындарының тәжірибелі жетекшілерінің бірі әрі ірі ғалым ретінде республиканың коғамдық-саяси өмірінің біраз бағытына белсенді түрде араласты. ҚР Президентінің Қаулысымен ҚР Президентінің жанында ұйымдастырылған Консультативтік кеңестің мүшесі және осы деңгейде құрылған мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің ҚР азаматтарының өзгерістерге сай әлеуметтік-экономикалық жаңа әдеп-қылықтарын қалыптастырудың қағидаларын жасап шығаратын жұмыс тобының жетекшісі болып бекітілді.

Кенжеғали Әбенұлы мемлекетімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыта түсуге байланысты өзінің жаңа идеялары мен ғылыми ұсыныстарын «Әлемдік бизнес — 91» Конгресінде (Мәскеу, 1991 ж., 19-21 қараша), Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруінің болашағына арналған халықаралық семинарда (Данди, Шотландия,Ұлыбритания, 1992 ж., 17 наурыз) баяндап берді. Оларды «Қазіргі Қазақстан әлем қауымдастығы қатарында» атты халықаралық симпозиумда жасаған «Қазақстанды әлемдік шаруашылықтың байланы жүйесіне кірістіру» деген баяндамасында (Алматы, 1992 ж., 23-24 сәуір) және 1993 ж. 11 мамырында өткен Қазақстанның жетекші басшыларының республикалық мәжілісінде де егжей-тегжейлі айтып берді.

К.Ә. Сағадиевтің ауқымды ғылыми және ғылыми- ұйымдастырушылық қызметі оны республика деңгейіне көтерді. ҚР ғылыми интеллигенциясының алдыңғы қатардағы тобы оны еліміздің ғылымын басқаруға лайық тұлға ретінде таңдады. 1994 жылы 2 ақпанда К.Ә. Сағадиев ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жалпы жиналысында оның толық мүшелерінің (академиктерінің) көпшілік дауысымен ҚР ҰҒA Президенті болып сайланды.

Бұл шешім академиялық ғылым үшін ерекше және әзірше қайталана қоймаған бірінші кұбылыс болды. Өйткені ҚР ҰҒA Президенті қызметіне ол осы Академияның мүше-кореспонденті ғана бола тұрып, әрі баламалы негізде сайланды. Көп кешікей оны ҚР ҰҒA-ның жалпы жиналысы толық мүше (академик) етіп сайлады (1994 ж., 14 акпан).

Академик К.А. Сағадиевтің, аса зор ұйымдастырушылық қабілеті осы қызметі кезінде толық ашылды. Ол академияның, ғылыми құрылымы мен қызметкерлерін бұрыннан жақсы білетін. Оған осы үлкен ғылыми мекеменің ұйымдастыру мен басқаруға байланысты проблемалары да белгілі болатын. Бұрынғы Одақ кезінде ғылымды шамадан тыс орталықтандыруға байланысты саясат республиканың ғылыми ерекшеліктеріне мән бермегенін де, ғылыми-техникалық әлеуеттің дені жергілікті басқарудан тысқары болганын да, ғылыми тақырыптар мен зерттеу мекемелерінің бағыты Қазақстанның түпкілікті мудделеріне сәйкес келе бермейтінін де, олардын республика экономикасын әлем ғылыми-техникалық жетістіктерімен сабақтастыра алмайтынын да ешкімнен кем тусінген жок.

Осындай жағдайда академик К.Ә. Сағадиев өз қызметінде негізгі мақсат етіп Қазақстанның ғылыми-техникалық егемендігі мәселесін қойып, осы мақсатқа қол жеткізу бағытындағы Ұлттық ғылым академиясының міндеттерін белгіледі. Нарыққа ету кезенінде байқалған ел шаруашылығын индустриясыздандыру, технологиялық құрылымының кұлдырауы, елімізді тұйыққа тірейтін шикізат экспорты, оны тұтыну тауарлары мен сол шикізат өндірісінде қолданатын құрал-жабдыққа айырбастау, біздің аумағымызға тимділігі аз және экологиялық лас технологияларды әкелу сияқты өзекті проблемаларға баса назар аудара отырып, К.Ә. Сағадиев мемлекетіміздің тұрақты экономикалық дамуының басты негізі жаңа білім мен техникалық прогресс болуы тис деген идеяны дәйекті түрде ұстанды.

Өз пайымдауларында ол іргелі ғылым — коғамның, жалпы халық мәдениетінің бір бөлігі, ұлт өркениеттілігінің сенімді көрсеткіші, коғам құрылымындағы, әлеуметтік прогрестегі, сондай-ақ техника, технология және өндірісті ұйымдастырудағы барлық ілгерілеу үрдістерін сезетін халықтың көзі мен құлағы, ал оның деңгейі — ұлттың әлемдік қоғамдастыққа кірігу қабілеті, өркениетті халықтар қауымдастығына қосылу мумкіндігі, ел ішінде дүние, табиғат пен болашаққа прогресшіл көзқарастардың қалыптасуының алғышарттары және сондай-ақ бұл үздік қолданбалы ғылыми техникалық нәтижелер алудың негізі деген түбегейлі қағидаға сүйенді.

Осы тұрғыдан ғылымның жай-күйі мәселесін қарастыра келе, Кенжеғали Әбенұлы еліміздің ғылыми -техникалық әлеуетінің өзегі және басты буыны ретінде академиялық ғылымның дербес рөлін сақтау қажет деген туйінді шешімге келді. Сонымен қатар ол заман талабын жақсы түсіне отырып, ҚР ҰҒA-ның ғылыми құрылымдарың түбегейлі қайта құру шараларын жузеге асырды. ҚР Президентінің 1994 жылдың 9 ақпанындағы Nº 1556 « ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мәртебесі және ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» жарлығына және ғылымды реформалау жөніндегі басқа да құжаттарға сәйкес академия құрылымдары мен академия мүшелерінің қызметің реттейтін ҚР ҰҒA-ның жаңа нормативті материалдары дайындалып, қабылданды, іргелі және іргелі-қолданбалы зерттеулердің, басым бағыттары белгіленді. Ғылыми құрылымдардың қызметі, мамандар әлеуеті және материалдық-техникалық база тексеріліп, атестацияланды. Іргелі зерттеулердің технологиялық бағдары және ҒЗИ ғылыми зерттемелерін іс жүзінде практикада қолдану бағыттары күшейтілді.

Күрделі ғылыми-техникалық мәселелерді мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен ҚР ҰҒA Президиумының бірлескен және кеңейтілген мәжілістерінде қарастыру тәжірибесі енгізілді (Дәрі -дәрмектерді іздестіру, жасау және денсаулық сақтау практикасына еңгізу мәселелері, 1994 ж.18 наурызы; Жартылай өткізгіш материалдар мен аспаптар өндірісін ұйымдастыру жөнінде, 1994 ж.30 маусымы; Биоәртүрлілікті тұрақты сақтау және ұтымды пайдаланудың ұлттық бағдарламасы туралы, 1995 ж.29 қарашасы; ҚР радиоэлектроника және байланыстар ғылыми орталығында зерттеулер ұйымдастырудың жай-күйі мен оларды дамытудың келешегі туралы, 1996 ж.31 қаңтары; Еуразия мен Жерорта теңізі халықтарының өркениеті мен қыпшақтану мәселелері туралы, 1996 ж.13 ақпаны; Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарын ғылыми зерттеудің нәтижелері, 1996 ж.14 ақпаны және т.б.).

Академия мен ғылыми бөлімшелердің, жалпы жиналыстарында өздерінің қызметтері туралы жылдық есептерімен қатар ҚР ҰҒA-ның басшылары мен жетекші мүшелерінің өзекті мәселеге қатысты баяндамалары («Қазақстанның ылыми-техникалық егемендігі және ҚР ҰҒA-ның міндеттері», баянд. Сағадиев, 1995, 19 сәуір; «ҚР-дағы өсімдіктердің тектік қорын сактау, тимді пайдалану және көбейту жөнінде»; «Ғарыш мониторингі мен ғарыштық, технологиялардың ғылыми негіздері» бағдарламасы туралы; Пайдалы қазбаларды байыту саласында технологияларды дайындау және ғылыми зерттеулер жүргізу туралы; Жер сілкіністерін болжау мәселелері: ғылыми негіздері, болжау кезеңдері мен әдістері, Қазақстандағы сейсмологиялық зерттеулердің, жай-күйі; Каспий теңізінің мәселелерін шешу бойынша келешектегі зерттеулердің жай-күйі мен міндеттері және т.б.) тыңдалатын болды.

К.Ә. Сағадиевтің жетекшілік етуімен ғылыми кадрлардың басқа салаларға кетуін қысқартуға, дисертациялар қорғауды ынталандыруға, ҚР ҰҒA, ҒЗИ және ғылыми қызметкерлердің мәртебесі туралы заңдар мен қаулы жобаларын дайындауға, ғылыми қызметкерлердің зияткерлік меншігі мен әлеуметтік корғауға байланысты салмақты шаралар қабылданды. К.Ә. Сағадиев ҚР ҰҒA жүйесіндегі қызметкерлердің жалақысын екі есе көбейтуге қол жеткізді. Ол кісінің, өтініш етуі бойынша ҚР Үкіметі көрнекті ғалымдар мен ғылым жолындағы таланты жастарға мемлекеттік сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Еліміздегі өткір экономикалық мәселелердің, шешімін табуда ғылыми қызметкерлерді жұмылдыру мақсатында республикалық ашық конкурс жарияланды, жеңімпаздарды мадақтауға ақшалай сыйлық тағайындалды. Ғалымдарды өз еңбегінің нәтижесін шығаруға қызықтыру үшін келісімшарт жағдайында жұмыс істеу кең түрде қолга алынды.

Дегенмен республикамыздың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі дағдарыстар іргелі ғылымның жай-күйіне мықтап әсерін тигізді. Сол себепті К. Сағадиевтің ҚР ҰҒA Президенті қызметіндегі 2 жыл ішінде ғылыми-техникалық қызметкерлерге үш рет қысқарту жүргізуге тура келді, осыған байланысты зерттеу ауқымы азайып кәсіпорындарда ғылыми нәтижелерге сұраныс айтарлықтай төмендеді. К.Ә.Сағадиев ғылыми кұрылымдар мен ізденістерді қаржыландырудың көп төмендегеніне қарамастан осындай күрделі мәселелерді тимді жолдармен тауып шеше білді. Мысалы, барлық қысқартулар ашық әрі жариялы түрде өткізіліп, алдымен институттардың соңғы 5; 10 және 15 жыл аралығындағы ғылыми тақырыптары ұқыпты зерттелді.

Қысқасы, ҚР ҰҒА Президенті Академияның, ғылыми кадры мен материалдық — техникалық базасының негізін ыдыраудан сақтап қалды. Сонымен қатар, оның жеке қолдауымен ҚР ҰҒA-нда Медицина ғылымдарының бөлімі ашылып, оның құрамында Техникалық ғылымдар бөлімін ұйымдастыруға байланысты дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, К.Ә.Сағадиев ғылымды дамытудың үздік бағыттары бойынша жаңа төрт ҒЗИ ұйымдастырды (Алматы қ. Жалпы генетика және цитология институты мен Өлеуметтану және саясаттану институты, Қарағанды қ. Фитохимия институты және Шымкент қ. Аймақтық экономика институты). Олардың бірі (Қарағанды қ. Фитохимия институты) бүгінгі күні шет елдерде сұранысқа ие нәтижелі дәрілік препараттар жасап халықаралық аренаға шығып отыр.

ҚР ҰҒA-ның директорлық құрамы айтарлықтай жасарып, жаңаланды. Президент ҒЗИ-дың бюджетке иек артушылық қалпын өзгертіп, олардың басшыларын шет елдермен қарым-қатынас жасауға, әр түрлі ғылыми қорлардың конкурстарына қатысуға, коммерциялық істерге белсене араласуға бағыттады.

К.Ә Сағадиевтің ҚР ҰҒA-нын Президенті қызметі кезінде ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР ҰҒА-ның толық мүшесі (академигі) ретінде бірауыздан ұсынылып сайланды. Алғаш рет ҚР ҰҒA-ның шын мәніндегі шетелдік мүшелері (академигі) болып ҰFA Президенті Ю.С.Осипов, Украина ҰҒA Президенті Б.Е. Патон және физиктер әлемінде белгілі пәкістандық ғалым, доктор Абдул Қадыр Хан сайланды.

ҚР ҰҒА-ның отандық ғалымдар қатары білімнің жаңа салаларының өкілдері мен жоғары оқу орындарының, аймақтық ғылыми мекемелер мен жаңа буын ғалымдардың есебінен айтарлықтай толықтырылды.

1994-1996жж. ҚР ҰҒA жене оның Президиумы жалпы республикалық шараларды ұйымдастыру орталығы болды. Осы жылдары ҚР ҰҒA-сының Орта Азияның ұлы ғалым-энциклопедиясі және мемлекет қайраткері Мұхамед Тарағай Ұлықбектің 600 жылдығына, қырғыз эпосы «Манастың» 1000 жылдығына, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай өткізген сессиялары мен конференциялары сол уақыты ірі оқиғалары болып саналады.

Мысалы, ҚР ҰҒA-ның Абайға арналған сессиясына 50-ден астам ғалым, әлемнің 22 елінен қоғам қайраткерлері, ЮНЕСКО және басқа халықаралық уйымдардан,шетел елшіліктерінен қонақтар келді. Академик К.Ә.Сағадиев Сәкен Сейфуллиннін өмірі мен дәуірі туралы Ақмола қаласында өткен ақынның мерейтойында, Алматы қаласында өткен «Еуразия кеңістігі: интеграциялық әлеует және оны жүзеге асыру» атты ғылыми-практикалық конференцияда және академик Е.А.Букетовтің өмірі мен қызметі туралы Қарағанды қаласында өткен ғалымның 70 жылдық мерейтойында баяндамалар
жасады.

К.Ә. Сағадиев делегацияның мүшесі немесе жетекшісі ретінде, кейде ғылыми ұйымдардың шақыруымен шетелдерге жиі шығып, ғылыми баяндамалар жасады. Оган Италияның Эрис қаласындағы халықаралық семинарда «Соғысқа тең салқындықтан кейінгі Қазақстан ғылымы», Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі халықаралық ғылыми коллоквиумда және Тегеран қ. Абайдың 150ж. арналған салтанатты жиылыста «Абай және қазіргі дәуір» және Эшборн қ. (АФР) шетелдермен техникалық қарым-қатынас бойынша Алман қоғамында «Қазақстандағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының жағдайы», «Аграрлық саясат, әлеуметтік мәселелер, әкімшілік ұйымдар және мекемелер», «Қазақстандағы жер реформасы туралы» баяндамалары дәлел.Сонымен қатар ол Исламабад қ. (Пәкістан) жоғары білім беру саласында қарым-қатынас және ғылыми-технологиялық зерттеулер бойыша аймақтық кездесулерге қатысты. Сондай-ақ ғылыми-білім беру байланыстарын кұру және дәріс оқу үшін АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Алмания, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай және басқа шетелдерге шықты.

Акпаратпен алмасуды жақсарту және ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулерін халықаралық аренаға шығару мақсатында оның жетекшілігімен «ҚР Ұлттық ғылым академиясының баяндамалары» атты журналын ағылшын тілінде басып шығару қолға алынды. К.Ә. Сағадиев осы журналдың бас редакторы болып және ҚР білім беру, техника және ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің Төрағасы қызметіне бекітілді.

Бірақ, К.Ә.Сағадиевке біраз ойларын жүзеге асырудың сәті түспеді.Оның іске асыра алмаған бағдарламаларының ішінде қазақ халқының рухани және тарихи мұралары мен оның, түп-
тамырын зерттеу, «Көрнекті адамдар өмірі» сериясы бойынша белгілі жазушы, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы ғылыми-публицистикалық галерея құру жоспары болатын. Сонымен қатар ол ҚР ҰҒА ҒЗИ-інің халықаралық тығыз қарым-қатынас жасау және зерттеу жобаларын бірлесе орындау туралы ойын табысты жүзеге асыра бастап еді. Академиядағы ғылыми ұйымдар мен қолданбалы тақырыптардың біразын бюджеттен тыс қаржыландыру мен зауытық жадайға көшіру ойы да іске аса алды. Біртіндеп әр түрлі шетелдік қорлармен баланы күшейіп, гранттар мен келісімшарттар арқылы қаржыланатын ғылыми жұмыстардың саны кебейе түскен.

Басталған жұмыстарды дамытуға, әрі жаңа бағытта жұмыс істеуге тек қаржы тапшылығы ғана емес, сонымен қатар субъективті себептер де кері әсерін тигізді, оның ішінде жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің қарсы әрекеті де болды. Олардың кейбірі ҚР ҰҒA-сын көпшілікке «кеңестік анахронизм», «конституциядан тыс,әрі заңсыз мекеме» ретінде көрсетуге тырысты. ҚР ҰҒA-сы айтыс-тартыстын нысанына айналды. Оны түкке тұрғысыз мекеме ретінде көрсетіп, тарату туралы да ұсыныстар айтылды.

К.Ә.Сағадиев ҚР ҰҒA президенті ретінде де, ғалым ретінде де, еліміздің азаматы ретінде де осының бәріне бейқам қарай алмады. Ол кісі тек академиялық ғылымның ерекшелігі мен мән-маңызы жөнінде ғана емес, сонымен қатар еліміздің, мәдени, әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өткір мәселелер туралы да пікірін республикалық ғылыми және мерзімдік баспасөз бетінде баяндап отырды («Нас спасет только средний класс», «Казахстанская правда», 1994, 30 қыркүйек; «ғылымсыз ғұмыр тұл», Қазақ үні, 1995, наурыз; «Академия наук на перепутье», «Казахстанская правда» 1996, 24 қаңтар; «Экономические реформы в Казахстане: некоторые подходы к концептуальному обоснованию», Вестник НАН РК, 1995, Nº 1; «Нельзя растаскивать единый работающий организм, нельзя разбазаривать великое народное достояние», «Казахстанская правда», 1996, 24-25 қаңтар;ж.б.).

Айтыс-тартыс ҚР Ғылым Академиясы — Ғылым Министрлігі құрылуымен аяқталып, академик К.Ә.Сағадиев бұрынғы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық және Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институттардың негізінде құрылған Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (1996ж.) ректоры болып тағайындалды.

Бұлар тарихы бай, дәстүрі қалыптасқан, бірақ бірігіп жаңа мәртебеге ие болған жоғары оқу орындары болғандықтан, ректорге көп жауапкершілік міндеттелді. Сондықтан, басқа да жоғары оқу орындарына, ҚР ҰҒА жетекшілік еткен тәжірибесіне қарамай, К.Ә.Сағадиев жаңа қызметіне байыппен кірісті. Жедел түрде оның материалдық базасы мен оқу әлеуетін зерттеп, істің жалпы жағдайын анықтап, уакытты оздырмай жұмыс бағдарламасын дайындаған соң оқу кеңесінің, келісімін алып, істі қызу бастап кетті.

Қысқа мерзім ішінде оның жетекшілігімен бұрынғы факультеттердің негізінде ірі оқу-ғылыми-өндіріс кешендері ұйымдастырылып, сапалы мамандарды даярлау жолға қойылды. Олардың әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын қамтамасыз ету мақсатында республикада алғаш рет компьютерлік және тіл үйрету орталықтары, сондай-ақ гуманитарлық білім беру орталығы құрылды, мамандыктар тізімі қайта қаралып, жаңартылды да, олардың, жалпы санының үштен бірі қысқарып елімізде тапшы, жаңа бағыттағы биотехнология, агротехнология, халықаралық аграрлы-экономикалық байланыс, аграрлық құқық, кедендік іс сияқты мамандық иелерін дайындау қолға алынды. Бір жыл ішінде К. .Сағадиев маңызды оқу объектілерін күрделі жөндеуден өткізіп, құлдырап кеткен материалдық базаны едәуір жөнге келтірді.

К.Ә.Сағадиев университеттегі қызметінің алғашқы күнінен бастап оқытушылардың біліктілігіне, студенттердін сапалы білім алуына қатан талап қойды. Мамандарды оқыту және даярлауды тексерудің рейтинг-тестік жүйесін еңгізіп, шет тілдері мен компьютерлік сауаттылық және оқытушылар үшін қазіргі аграрлық-экономикалық саясат бойынша жалпы оқытуды ұйымдастырды.

Университет ұжымы алдында ғылым және оқыту үрдісін үндестіру және зерттеу қорытындыларын жаңа, әлемдік деңгейге шығару мәселесі тұрды. Университеттің оқытушы-ғалымдарының оқу-ғылыми-өндіріс кешендерінде ғылыми қызметі оның еңбегін бағалаудағы негізгі белгі болып табылды.

Қазмемагро университет әлемнің белді жоғары оқу орындарымен, шетелдік қорлар және басқа интеллектуалдық уйымдармен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Университет оқыту, ғылыми және басқа да негізгі бағыттары бойынша түпкілікті өзгерістерге ұшырады.

К.Ә. Сағадиев осы жұмыстар туралы көпшілікке баспасөз беттерінен жүйелі тұрде ақпарат беріп отырды («Білім болашақтың, қайнар бұлағы», «Қазақстан мұғалімі», 1996, 25 желтоқсан; «Маман мықты болса нәтиже нақты», «Жас алаш», 1996, 12 қараша;«Ауылдың көсегесін кегертетін білікті мамандар», «Егемен Қазақстан», 1996, 21 маусым; «Будем создавать свой Казахстанский университет, исходя из наших возможностей», «Казахстанская правда» 1996г., 14 мая және б.). Қазмемагро университет ұжымы өзінің басшысының жетекшілігімен жаңа, қазіргі заман талабына сай, жоғары ауылшаруашылық білім берудің философиясын жобалап, өз жұмысын «Қазақстандық қоғамның жаңару үрдісінің белсенді құрылысшыларын, өз елінің тарихы мен мәдениетін,оның рухани негізін құрметтейтін ҚР азаматын, жалпы әлемдік адамгершілік бағамдарын ұстанушы болашақ ауыл зиялысын тәрбиелеуге бетбұрыс жасады. Өйткені ол тек білім беру мекемесі ғана емес, мәдениет университеті» деген академик К.Ә. Сағадиевтің сөзіне сай білікті мамандарды даярлауға бағыттаған деп ауыз толтырып айтуға болады.

К. Ә. Сағадиев екі дәстурлі жоғары оқу орнын қабылдап, оқу үрдісін түп-тамырымен заманға сай жаңартып, профессорлық-оқытушы кадрарының, біліктілігін көтеріп, шетелдік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқу орнын үлкен біртұтас құрылымға шебер айналдыра алды, осылай Қазмемагро университетінің абыройны аспанда, 2001 ж. ҚР Президенті Жарлығымен ол Қазакстанның бірқатар жоғары оқу орындары қатарында ұлттық мәртебеге ие болды.

2001 жылы К.Ә.Сағадиев Халықаралық бизнес университетінің президенті болды. Мұнда өзінің сүйікті ісі-бизнеске мамандар даярлау мен экономикалық реформалардары зерттеу жұмысына белсене қатысу мүмкіндігі туды. Халықаралық бизнес университеті — еліміздегі дамып келе жатқан бизнеске мамандар даярлау ушін құрылған жекеменшік жоғары оқу орны. Оның классикалық университеттерден ерекшелігі экономикалық тәжірибемен тығыз байланысы, нарық сұранысына жедел көңіл бөлу, экономика реформаларының құбылысына сай оқу жоспарларының икемділігі. Университет қабырғасынан шетел тәжірибесімен жақсы таныс, өз ісін, өз кәсібін жүргізуге қабілетті, компания, фирма және басқа жеке жобаларды басқара алатын менеджер-мамандар шығра бастады. Жақын арада осы елімізде белгілі университет өзінін 25 жылдығын атап етті, оның, түлектерін көптеген фирмалар мен компаниялар қуана жұмысқа алып жатыр. Университет мамандық иелерін шетелдік университеттермен қарым-қатынас жасай отырып оқытады, бакалавриат, магистратура және философия докторларының бағдарламаларын табысты іске асыруда (PhD).

К.Ә. Сағадиев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі ретінде 2004ж. және 2007ж. партиялық тізім бойынша 3-ші және 4-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің, депутаты болып 2 рет сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші шақыруында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Осы кезең ішінде К.Ә.Сағадиев еліміздің бюджет жүйесін өркендету және оның тұрақтылығын дамыту мақсатында көп еңбек етті. Оның ұсынысы бойынша экономика салаларының бюджет жобалары бөлек қаралатын болды, бұл бюджет бағдарламалары әкімдіктерге бөлінетін қаржы-бюджет ресурстарын жете де дәл зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай көрнекті тәжірибе 4-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің жұмыс әдісіне де енді. Кенжеғали Әбенұлының тағы бір ұсынысы — нәтижеге бағытталған бюджетті жоспарлау әдісіне көшуге байланысты болатын. Одан ҚР Ұкіметі көңіл аударып, қазір бюджеттік қаражаттың жоғары нәтижелілігін қамтамасыз ететін БОР жүйесіне көшуді ұйғарып отыр.

К.Ә. Сағадиевтің республикалық бюджет жобалары туралы қосымша баяндамалары ҚР Парламентінің жалпы мәжілістері алдында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды мәселелерді талай көтерді. Мысалы, 2005 ж. ҚР Парламенті мінбесінен ресми деңгейде еліміздің экономикасында «голландтық сырқаттын» бар екенін және экономиканың қызып кетуіне қарсы нақты шаралардың қажеттілігін атап көрсетті.

К.Ә.Сағадиев Парламент алдында еліміздің экономикасында бәсекелестіктің мардымды дамымауы туралы, экономиканың қаржы-өнеркәсіптік жеке топтармен монополияланып елдің,
индустрияландырылуна, өңдеу секторының дамуына, қор нарығына кері әсер етіп, инфляцияның өсуіне себебін тигізетіні туралы бірнеше рет ескерткен.

К.Ә. Сағадиев экономиканың белгілі бір секторына салық мөлшерін жеңілдетуді, әсресе өңдеу кәсіпорындарына көңіл бөлу туралы мәселе көтерген. 2005 жылы ҚР Президенті атына әлеуметтік және бірлескен табыс салыты мен ҚҚС бойынша жеңілдіктер жасау туралы кешенді ұсынысын жіберген. Сонымен қатар салық құрылымың жақсарту, оны жылжымайтын мүлік пен басқа мүлікке көбейту, ал, керісінше, еңбек ақы қорына, яғни бірлескен кіріс салығына азайту жөнінде де өз ұсынысын айтқан . Бұл ұсыныстар еліміздегі әділетті салық салу жүйесін құруға бағытталған. Парламент депутаты ретінде К.Ә.Сағадиев қор нарығын дамыту туралы, рейдерлікке қарсы тұру шаралары мен еліміздегі заңсыз көші-қон жағдайлары, шетелдік инвестицияларды тарту және басқа да келелі мәселелер бойынша ҚР Үкіметіне бірнеше рет сауал жіберген. Кенжеғали Әбенұлы бұрын шетелдік компанияларға берілген Қазақстанның мұнай және басқа да кең орындарын мемлекет меншігіне қайтарудың белсенді жақтаушысы, ҚР «Кен орындарын пайдалану туралы» Заңына түзетулер еңгізуді ұсынушылардың бірі, осыған сәйкес еліміз аумағындағы шетелдік компаниялар акцияларын сатқан жағдайда, республика оларды сатып алуға басым құқыққа ие болады.

К.Ә.Сағадиев Қазақстандағы экономикалық реформалардың беленді қатысушы ретінде 15 жыл бойы ҚР Президентінін, ҚР Парламентінің Үкіметі мен ҚР министрліктерінің алдына және баспасөз беттеріне Қазақстанда әлеуметтік бағдарланған нарық экономикасын құрудың өткір мәселелері туралы ұсыныстарымен шытып журді. Оларға жолдаған хаттарында ақша реформасының тұжырымдамасы, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары мен өзінің реформа бағдарламалары бойынша ұсыныстары көрсетілген. Кейнірек ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік кеңесте еліміздің азаматтарының жаңа социоэкономикалық әдет-қалпын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын ұсынды.Қазақстанда кластерлердің құрылуы мен кластерлік дамуға ықпал еткен оның ҚР Үкіметіне жазған хатында көптеген елдерде өзінің тимділігімен басым түскен өнеркәсіпті ұйымдастырудың осы үлгісіне көшу қажеттігі көрсетілген.

Кенжеғали Әбенұлы елімізде алғашқылардың бірі болып Қазақстанным Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің тиімділігі мен көленкелі жақтарына жүргізген сараптамасымен баспасөз беттерінде сөз алды. Ол өз мақалаларында Дүниежүзілік сауда ұиымы тәртібі бойынша сауда режимін ырықтандыру елімізге, әсіресе ауылдық тауар шырарушылар үшін қауіпті екенін ескертті.Сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты беделді халықаралық ұйымы енуін қолдап, республиканын ДСҰ-ға кіруінің үкіметтік дайындық шараларын талқылауға, басқа елдермен келіссөздер жүргізуге қатысты. 2006 жылы оның жетекшілігімен ҚР Парламенті Мәжілісінде осы мәселе бойынша парламенттік тыңдау өткізілді.

К.Ә. Сағадиевтің тағы да бір өз зерттеулерін жүргізген маңызды мәселелерінің бірі — ол Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігімен байланысты.Еліміздегі алғашқылардың бірі болып осы мәселеге көңіл аударып, оның өсу факторларын, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, экономикалық, тіпті бәсекеге қабілеттіліктің әлеуметтік және адамгершілік жақтарын делелдеп, осы тақырыпқа отыздан астам зерттеу жұмыстарын арнады.

Қазақстан экономикасын жаңалаудағы өткір мәселелерді зерттеудегі К.Ә.Сағадиевтің жүйелі де ұзақ еңбегі оны үздік ғалым-реформаторлар қатарына шығарды. Оның билік орындарына жіберген хаттары мен солар бойынша ресми орындардың қабылдаған шешімдері — оның Қазақстандағы экономикалық реформаларды белсенді жүргізушілердің бірі екендігін көрсетеді. «Қазақстандағы реформалар: талдамалық көзқарас»атты оның төрт томдық еңбегі Қазақстандағы реформа үрдісінің жоғары мәнді хроникасы, олардың жетістігі мен кемшіліктерінің тура көрінісі. Автордың онда жазған келелі ұсыныстары мен кеңестері осы күні де, болашақта да өз мәнін жоғралтпайды.

Ғалым, қоғрам және мемлекет қайраткері К.Ә.Сағадиевтің кеп жылдық жемісті еңбегін кеңестік — партия органдары, ҚазКСР және ҚР Үкіметі және барлық ғылыми, республикалық қоғамдық орындар жоғары бағалады. Ол Алматы қалалық кеңесіне (1971-1973жж.), Калинин аудандық кеңесіне (1975-1979жж.), Целиноград аудандық комитетіне (1984-1991жж), Целиноград қалалық, комитетінің бюро мүшесі (1988-1990жж.), ОК мүшесі (1990ж.) және Қазақстан КП-ның ХУІІ сьезінің делегаты болып бірнеше рет сайланды.ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшелігіне, ҚР Парламенті Мәжілісінің 3-ші (2004-2007жж.) және 4-ші (2007 ж. осы уақытта да) шақыруларының депутаттына сайланды. ҚР ЖАК мүшесі, ғылым және техника салаларындағы Мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі Үкімет Комиссиясының мүшесі, әрі төрағасы, ғылыми журналдар мен мерзімдік баспасөздердің редколлегиясында еңбек етіп, докторлық және кандидатық дисертацияларды қорғау бойынша арнаулы диссертациялық Кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

2007–2011 жылдары Кенжегали Абенұлы Сагадиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты болды. Бұл кезеңде ол әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттік бюджет, экология және тұрақты даму мәселелеріне қатысты заң жобаларын талқылауға белсенді қатысып, экономикалық саясатты жетілдіруге бағытталған бастамаларымен ерекшеленді. Парламенттегі қызметі барысында ел дамуының стратегиялық бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосты.

2011 жылдан кейін Кенжегали Сагадиев мемлекеттік қызметтен гөрі ғылым мен жоғары білім саласына басымдық берді. Ол экономикалық даму, білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша сарапшы ретінде түрлі қоғамдық және ғылыми кеңестердің жұмысына қатысты, ғылыми мақалалар мен зерттеулер жариялады.

2012–2016 жылдары Халықаралық бизнес университетінің президенті қызметін атқарып, оқу орнының академиялық және басқарушылық әлеуетін нығайтуға үлес қосты. Кейін университеттің президент-эмеритусы ретінде білім беру мен ғылымды дамытуға бағытталған кеңесшілік қызметін жалғастырды.

Өмірінің соңғы жылдарына дейін (2016–2020) Кенжегали Абенұлы Сагадиев Қазақстандағы ғылым мен білім саласының дамуына арналған бастамаларға атсалысып, жас ғалымдар мен мамандарға тәлімгерлік етті. Ол елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға еңбек сіңірген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танылды.

К.Ә.Сағадиев «За освоение целинных и залежных земель» (1957ж.), «За доблестный труд» (1970 ж.) медальдарымен және мерейтойлық медальдар «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), Еңбек Қызыл Ту (1971 ж.), Халықтар достығы (1987 ж.) және Парасат (2003 ж.) ордендерімен марапатталған, «ҚР ғылымы және техникасының еңбек сіңірген қайраткері» деген кұрметті атақтын иегері (1998 ж.).

Академик К.Ә.Сағадиевтің жетекшілігімен 14 докторлық және 39 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның 240-тан астам жұмысы, оның, ішінде 32 монографиясы, кітабы және кітапшалары жарық көрді.

Қазақстан ғылымы мен жоғары мектебі тарихында бір адамның қатарынан республиканың 4 жоғары оқу орының (Целиноград ауылшаруашылық институты, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Халыкаралық бизнес университеті), ҚР Ұлттық ғылым академиясын басқаруы, сондай-ақ ҚР жоғары заң шығарушы органдарына 2 рет сайлануы сирек құбылыс. Мұның бері оның, ғылыми-интеллектуалдық деңгейі мен жоғары біліктілігінің белгісі.

К.Ә.Сағадиев осындай кемелдікке тынбай еңбек етуі, жүйелі ізденіс пен сирек табиғи талантының арқасында жетті. Оның,ұйымдастырушылық және жұмылдырушылық қабілеті өте кушті. Осы қабілеттері оның еңбек орындарында көп себін тигізді, әсіресе сол уақытта ҚР ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің, де, ҚР ҰҒA-да да қол астында болған ҚР ҰҒA-дағы ұлттық ғылыми орталықтар қызметін басқарғанда, сонымен қатар екі институттын Қазмемагро университет болып қайта құрылған кезеңінде айқын көрінді.

К.Ә.Сағадиев өзіне де, айналасына да талап қоя біледі, жауапсыздық пен бос журісті құптамайды. Өз ісіне жан-тәнімен беріліп, басқа қызметкерлерінен де соны талап етеді. Ол үшін ұсақ-тұйек іс жоқ, кез келген жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Кенжеғали Әбенұлы өз жоспарларын шебер іске асырып, маңайындағылардан ақыл-кеңесін аямай, жан-жағына шуақ шашып жүреді. Оның негізгі қасиеттері — қырағылық пен іскерлік.

Сонымен қатар Кенжеғали Әбенұлы достық пен сыйластықты жоғары бағалайды. Зиялы қауым мен ғалымдар арасында беделі жоғары, олардың көптеген өкілдерімен жолдастық қарым-қатынасы жарасқан.

К.Ә.Сағадиев әдебиетші болмаса да қазақ халқының біртуар азаматтары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтурсынов, Халел Досмұхамбетов, Қаныш Сатпаев, Шахмардан Есенов, Евней Букетов, Манаш Қозыбаев, Өмірзақ Сұлтанғазиндердің көркем портреттерін асыл сөздермен жасады.

Ол Ахмет пен Міржақып сынды рухани күш иелерін өмірге әкелген қасиетті кең-байтақ қазақ даласының ұрпағы екенін ешқашан ұмытқан емес.
К.Ә.Сағадиев — сирек эрудициялы, үлкен әкімшілік- ұйымдастырушылық және ғылыми — педагогикалық тәжірибесі бар, саф алтындай интеллект иесі.
К.Ә. Сағадиев делелді сенімділігімен, шешендігімен тек тындармандарын ғана емес, қарсыластарын да өзін құптауға мойынсұндырады.
К.Ә.Сағадиевтің қатысумен өткен күнделікті отырыстар ірі конференцияға, ал жай ғылыми семинарлар орасан форумға айналып кетеді.
К.Ә. Сағадиевтің бағдамалары қанықтылығымен, бейнелі нақтылығымен ерекшеленеді. Айтылған әрбір сөзі өз орнын тауып құлақ құрышын қандырады. Кенжеғали Әбенұлының пікірлері мәнді, ойлы болып келеді.
Ол еліміздің интеллектуалдары алдында да, студенттердің, арасында да өзін еркін сезінетін сирек те, батыл шешен. Бұл кісі әрбір адамның жүрегіне жол таба білетін адам.
К.Ә.Сағадиев — ерекше шынығудан өткен, республикамыздың, зияткерлік жетістігінің белгісі және халқымыздың кадрлық алтын қорының елеулі мүшесі.
К.Ә. Сағадиев — үш есейген ұл мен 8 немере-шөбере тәрбиелеп отырған үлкен бір әулеттің отағасы. Жұбайы — Нағытай Әбітайқызы Кішкенова — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Подписывайтесь на обновления