Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев кім?

Республикамыздың көрнекті ғалымы және педагогі, белгілі жоғары мектеп пен ғылымның ұйымдастырушысы, қоғам және мемлекет қайраткері.

К.Ә Сағадиев — экономика ғылымының докторы (1977ж), профессор (1978 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (1994 ж.) және Пәкістан Ғылым академиясының академигі (1997 ж.), АҚШ-тың Нью-Йорк академиясының мүшесі (1996 ж.) және Халықаралық жоғары мектеп академиясының толық мүшесі (академигі) (1997 ж.). Қазақстанның төрт жетекші оқу орындарының ректоры (президенті) (1982-1990 жж; 1992-1994 жж.; 1996-2001 жж.; 2002-2004 жж.) және ҚР ҰҒА Президенті (1994-1996 жж.) болып қызмет атқары. ҚР үшінші (2004-2007) және төртінші (2007-2011 жж) шақырылған Парламент Мәжілісіның депутаттығына сайланды, оның Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (2004-2007 жж) болды. Қазақстан Республикасының Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды (2012-2014 жж). Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті және Халықаралық бизнес университетінің басшылығы сияқты жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлік бағыттағы ұйымдарда жетекшілік еткен ((2012-2016 жж) 2009–2012 жж. – «Frontier Mining Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы; 2010–2011 – Алматы Қаржы орталығы Академиясы; 2011–2012 – «Қазақстандық жылжымайтын мүлік» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; 2012–2016 – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті)). Халықаралық бизнес университетінің президенті қызметін атқарғаннан кейін, 2017 жылдан бастап Құрметті Президент Эмеритус атағына ие болды.

Академик К.Ә Сағадиев мұндай биік деңгейге өзінің талай кейінгі өнеге боларлық сирек таланты мен еңбекқорлығының, энциклопедиялық білімінің, ерекше ақыл-парасаты мен іскерлігінің арқасында қол жеткізді.

Подписывайтесь на обновления