Бүгін кітапханамызда «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби кеш өтті.

Кештің басты мақсаты жас ақындардың шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген қызығушылықты арттыру және студенттердің рухани мәдениетін дамыту болды. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтарымыз өздерінің жүрек тебірентер өлеңдерін оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір жыр шумағы терең мағына мен шынайы сезімге толы болып, қатысушыларға рухани әсер қалдырды. Әдеби кеш барысында поэзия әлеміне саяхат жасалып, сөз өнерінің құдіреті кеңінен насихатталды. Аталған іс-шара жас ақындар мен студенттер арасындағы байланысты нығайтып, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға өз үлесін қосты. Осындай рухани кешке қатысып, қолдау білдірген барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз! Кеш соңында қонақтар кітапхана қорына өз қолтаңбалары қойылған кітаптарын сыйға тартты.

Подписывайтесь на обновления